Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тергеу мекемесіне кітап тарту етті

15.09.2020, 10:10 566

HALYQLINE.KZ ЗК-169/1 мекемесіне Қызылорда облыстық ҰААТ тобының жетекшісі Теңізбаев Серік Мұстафаұлы 310 дана кітап тарту етті. Бұл кітаптар ата-анасының жеке кітапханасынан алынған.

Мекемеге жеткізілген кітаптарды мекеменің бақылап өткізу бекетінде, мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, әділет майоры Олжабаев Қайрат Байдүйсенұлы мен РжКБ-нің бастығының орынбасары Досанов Мақсат Нақбергенұлы тексерістен өткізді. Әкелінген кітаптарды бұдан соң, мекеменің теолог маманы да сұрыптап шықты. Теолог Рузиев Рашиттің айтуы бойынша, діни радикалды бағыттағы және шытырман оқиғалы кітаптар анықталған жоқ. Сыйға берілген кітаптар сан алуан. Олар – орыс және шетел класик ақын-жазушыларының таңдамалы шығармалары мен әлем педагогтарының тәрбие тақырыбында жазылған шығармалары. Сонымен қатар, ӘнуарӘлімжановтың «Отырардың күйреуі», Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» триологиясы да бар боп шықты.

Ұлттық рухты оятатын бұл кітаптар, мекеме кітапханасында сотталғандар тарапынан көп сұранысқа ие. Сарапталынып, сұрыпталынған кітаптар енді кітапханашының атқаруымен, мөр басылып, тіркеуге алынады.

Жақсы кітап – ұяттың антологиясы, бұл кітаптардың ішінен кей шығармалардың жаза басып, жабық мекеме аумағына түскен жандардың жан дүниесін жаңартуға, игі әсері мол болар деп ойлаймыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: