Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тәрбиелік мәні бар іс-шара оң пікір қалыптастырды

04.03.2024, 11:55 119

1 наурыз – Алғыс айту күні. Бұл – қазақстандықтардың бір-біріне алғаусыз алғысын, риясыз ризашылығын білдіретін күн.

Осы мерекеге орай Қызылорда қалалық пробация қызметі есептегі қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрімен сотталған кәмелетке толмағандардың қатысуымен облыстық кітапханада іс-шара ұйымдастырды.

Жиынға әртүрлі этнос өкілдері, сала мамандары қатысты. Іс-шара барысында алғыс айту күнінің маңыздылығына тоқталып, атаулы күннің тарихы, алар орны жайлы сөз болды.

– Алғыс айту күніне орай өткізілген іс-шара маған ұнады. Ең біріншіден, Қазақстан халқына алғыс айтамын! Қандай қиындық болса да, қолдау білдіретін отбасыма ризашылығымды білдіремін. Меніңше, осындай тәрбиелік, мазмұнды іс-шараларды, жиындарды көптеп өткізе беру керек. Қалалық пробация қызметі біз сияқты жаза басқандардың кез келген жағдайға оң пікірмен қарауға мүмкіндік жасап жатыр, – деді іс-шараға қатысушы.

Есептегі қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрімен сотталғандар Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапхананың жұмысымен де танысып, көңіл көкжиегін кеңейте түсті. Іс-шараның басты мақсаты – жаза басқандарды қоғамнан оқшауламай, тағылымы мен тәлімі бар кездесулер арқылы тәрбиелеу, ой салу.

Ақбота Сәрсенқызы,

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті

Қызылорда қалалық пробация қызметінің

ювеналды әділет тобының инспекторы, әділет лейтенанты

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: