Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сот залынан әкімшілік қамаққа алынды

15.04.2024, 9:30 76

HALYQLINE.KZ

Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 434-бабы 1-бөлігі бойынша құқық бұзушы А.-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.

Құқық бұзушы А. жолаушылар пойызында келе жатып, алкогольдік масаң күйде болып, айналасындағыларға сыйламаушылық бiлдiріп, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, жолаушы орнында кіші дәретке шығып, сәйкесінше ластаған.

Құқық бұзушы А. әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамасымен келісетінін, жолаушылар пойызында алкогольдік масаң күйде болғандықтан, болған жағдай есіне түспей тұрғанын, жасаған әрекетіне өкінетінін көрсетті.

Сот қаулысымен құқық бұзушы А. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ол 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: