Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық жігіт полицияға жабуыл жасаған

07.12.2023, 9:50 126

Көлікте тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексеру кезінде 21 жастағы жігіт қалтасынан өсімдік заты салынған газет бумасын шығарып, қашыққа лақтырып жіберген.

Ұстау кезінде жолаушы полицейлерге қарсылық көрсетіп, заңды талаптарын орындамай, жиналмалы пышақпен оларға қарай ұмтылған.

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен («Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау») және Қылмыстық кодексінің 380-бабының 3-бөлігімен («Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері») сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Күдікті басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сараптамалар тағайындалды.

Фото: paryz.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: