Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық кәсіпкерлерді күзет ұйымдарымен заңсыз шарт жасасуға мәжбүр еткен

24.11.2023, 15:10 101

Қызылорда облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мониторинг нәтижесінде Қызылорда қаласы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторларының күзет агенттіктерімен шарт жасасу талабында кәсіпкерлердің мекенжайына заңсыз ұсынуларды енгізу фактілері анықталды.

Алайда, заңнамада кәсіпкерлерді жеке күзет ұйымдарымен шарт жасасуға міндеттейтін императивті норма жоқ.

Осыған байланысты учаскелік полиция инспекторларымен енгізілген ұсынулар заңсыз болып табылған және кәсіпкерлердің құқығын бұзған.

Департаменттің ұсынысы бойынша қала прокуратурасымен прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, 50-ден астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды, олар ұсынуларды орындаудан босатылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: