Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордаға қанша «Аркан» орнатылды?

25.10.2021, 11:25 299

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласы орталығында автокөліктер ағымы басым көп жүретін көше бойына жалпы саны 20 дана «АРКАН» стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғысы орнатылды. Оның 13 данасы толықтай іске қосылған, ал қалған 7 жылдамдық өлшегіш құрылғысы қосылу сатысында.

Аталған құрылғы екі бағыттағы (қарама-қарсы және ілеспе) жылдамдық асыру құқықбұзушылықтарын анықтайды.

Сонымен қатар, құқықбұзушылықты 30 метр қашықтықтан және 71 км/сағ жылдамдықтан бастап анықтайды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарттары ҚР СТ 1412-2017  жылғы  жол  қозғалысын реттеудің  техникалық  құралдары нормативтік құжатының 5 ақпараттық сілтеме белгілеріне сәйкес, 5.42 «Фото-бейне тіркеу» белгісі стационарлық сертификатталған арнайы техникалық  құралы  немесе  аспап  бойынша  Жол  қозғалысы ережелерін бұзылуын тіркеу туралы жүргізушілерді ақпараттандыру үшін ескерту жол белгілері толығымен орнатылған.

«АРКАН» стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғысына шет мемлекеттерден,  яғни  Ресей  Федерациясы,  Армения,  Қырғызстан Республикасы,  т.б. алып  келіп Қазақстан  Республикасының азаматтары басқарып  құқықбұзушылық  жасаған  жағдайда, сақтандыру полюсы арқылы тіркелген азаматтардың толық ақпараты автоматты түрде анықталып, сол азаматтың атына құқықбұзушылық тіркеледі.

Автоматты  жүйеде  жұмыс  атқаратын  бейне  камераларымен құқықбұзушылық анықталған жағдайда, ҚРӘҚБтК-нің 822-1 бабының 3-бөлігінің талаптарына сәйкес (Белгіленген үлгідегі түбіртегі бар, айыппұл  төлеу  қажеттігі  туралы  нұсқама  әкімшілік  құқық бұзушылық  тіркелген  күннен  бастап он  тәулік  ішінде көлік құралының меншік иесіне) ұйғарым шығарылып, электронды түрде ГЭП (Гибридттік электронды почта) қызметі арқылы автокөлік тіркелген иесінің мекенжайына жіберіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: