Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада көктайғақ салдарынан 23 жол-көлік оқиғасы болды

30.01.2022, 9:00 214

Қаңтар айының 28-інен 29-ына қараған түні Қызылордада көктайғақ салдарынан 23 жол-көлік оқиғасы болды. Жол апатынан жарақат алғандар жоқ.​Автокөлік жүргізушілеріне Қазақстан Республикасының әкімшлік-құқықбұзушылық кодексінің 610-бабының (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) бойынша әкімшілк хаттама толтырылды.

Жол бойында арнайы 19 автокөлік жұмылдырылып, құм-тұз себу жұмыстары жүргізілді. Қала тұрғындарынан жолда абай болуын және жүргізушілерден көлік жылдамдығын үдетпеуін сұраймыз. Жылдамдық режимін сақтау, сондай-ақ автомобильдер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты, яғни дистанция сақтау және қысқы дөңгелектермен жабдықталу маңызды, бұл жолдағы күтпеген апаттың алдын алуға бірден-бір себепші болады», – деп мәлім етті Қызылорда қаласының Полиция басқармасының бастығы.​

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз басқармасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: