Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада «ГАЗель» көлігі автобуспен соқтығысты

31.01.2024, 16:10 124

HALYQLINE.KZ

Облыстық ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» РМК баспасөз хатшысы Әлия Ережепованың айтуынша, Қызылордада 31 қаңтар күні сағат 13:48-де құтқару қызметіне Бұқарбай батыр және Жалаңтөс баһадүр көшелері қиылысында «ГАЗель» көлігі өртеніп кеткені туралы хабарлама түскен.

Анықталғанындай, «ГАЗель» жүк көлігі мен №17 бағыттағы жолаушылар автобусының соқтығысуы салдарынан жүк көлігінің қозғалтқыш бөлігі мен салоны түгел жанып кеткен. Өрт толығымен сөндірілді. «ГАЗель» жүргізушісі басынан жарақат алып, оны жедел жәрдем қызметкерлері алып кетті. Қоғамдық көліктегі жолаушылар зардап шеккен жоқ.

Дереккөзkzvesti.kz

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: