Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 100-ден аса адам оқ-дәрі, есірткімен ұсталды

12.01.2022, 10:30 210

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысында күзетшілер 100-ден аса адамды оқ-дәрі, есірткімен ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан қылмыскерлерді анықтау, ұстау бойынша барлау-іздестіру іс-шаралары Қазақстанның барлық қаласында жалғасып жатыр.

«ҚР Ұлттық ұланы арнайы мақсаттағы бөлімшесі Қызылорда облысында Полиция департаменті және ҰҚК қызметкерлерімен бірігіп, лаңкестікке қарсы операция жүргізу барысында жаппай тәртіпсіздікке  қатысқан 100-ден аса адамды ұстады. Нәтижесінде, 1 қару, оқ-дәрілер, сондай-ақ, есірткі тәркіленді», – делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері ұсталғандарға қатысты мән-жайды одан ары тергеу үшін жұмыс істеп жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: