Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Жол апатынан 8 адам көз жұмды

16.01.2022, 13:10 205

Қызылорда облысында жол апатынан 8 адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

15 қаңтарда Шымкент-Самара тасжолының 1397 шақырымында Қызылорда облысының Арал ауданы, Аралқұм елді мекенінің тұсында жол-көлік оқиғасы болды.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі (Автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу) бойынша соталды тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр. Жол апаты салдарынан 8 адам көз жұмды», – делінген хабарламада.

Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Өңірде күн райының қолайсыздығына байланысты Қызылорда облысының комендатурасы жүргізушілерді жылдамдықты арттырмай, жолда жүру ережесін сақтауын сұрайды. Қажетті ара қашықтықты ұстап, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жол ережесін қатаң түрде ұстану қажет екенін ескертеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: