Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда қаласында 3,5 келі апиынды сатпақ болған 5 азамат ұсталды

17.04.2024, 11:30 74

HALYQLINE.KZ

Байқоңыр қаласы бойынша ҰҚК департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткіні жеткізудің өңірлік арнасын жойды.

2024 жылғы наурызда Қызылорда қаласында 3,5 кг апиынды сатуға әрекеттенуі кезінде Қазақстанның 5 азаматы ұсталды, деп жазады inbusiness.kz сайты ҰҚК сілтеме жасап. 

Бұдан басқа, қосымша іс-шаралар барысында заңсыз сора өсіру жөніндегі астыртын зертхана табылды.

Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қылмыстық кодекстің 300-бабының 2-бөлігі және 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: