Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құжат алу бағасы өзгерді ме?

04.01.2021, 12:05 1387

HALYQLINE.KZ Қазақстанда құжат алу үшін мемлекеттік баж төлеу керек, ал мемлекеттік баж жыл сайын өзгеретін айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне (АЕК) байланысты, – деп жазады Sputnik.kz сайты.

2021 жылы айлық есептік көрсеткіш 2 917 теңгеге дейін өсті.

Паспорт пен жеке куәлік алу қанша тұрады?

Паспорт алуға мемлекеттік баж салығы – 8 АЕК немесе 23 336 теңге.

Жеке куәлік – 0,2 АЕК немесе 583,4 теңге.

Әдетте құжаттарды алу мерзімі  – 15 күн. Бірақ қосымша ақы төлеп, құжаттарды жедел алуға болады.

Туу туралы куәлік

Қазақстанда туу туралы куәлік баланы тіркеу кезінде тегін беріледі.

Акт жазбасын өзгерту, толықтыру, түзету және қалпына келтіру – 0,5 АЕК немесе 1 458,5 теңге.

еGov мәліметіне сәйкес, баланың туғанын тіркеу қызметін ұсыну мерзімі – екі жұмыс күні, қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу – жеті жұмыс күні.

Қажет болған жағдайда басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу – 30 күнтізбелік күннен аспайды.

Жүргізуші куәлігін алу қанша тұрады

Жүргізуші куәлігін алу үшін мемлекеттік баж салығы – 1,25 АЕК немесе 3 646 теңге.

Неке қию және ажырасу

Неке қию құны – 1 АЕК немесе 2 917 теңге.

Ажырасуға өтініш беру – 2 АЕК немесе 5 834 теңге.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: