Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қостанай академиясында оқығыңыз келсе…

30.11.2023, 10:45 161


Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің кадр саясаты тобының маманы әділет майоры А.Беркінбеков пен №68 мемлекеттік мекемесінің кадр саясаты тобының аға инспекторы әділет капитаны М.Тұрымбетов, Қызылорда қаласындағы «Қорқыт ата» университетінің заң және құқық факультетінің 1-курс оқитын білім алушыларымен кездесті. Іс-шараның басты мақсаты – ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясына оқуға түсу талаптарын айту.

Студенттер назарына жоғары оқу орны ҚР ІІМ Қостанай академиясына оқуға түсу алгоритімін түсіндіріп, арнайы жадынамалар таратылып, студенттерге әзірленген видеоролик көрсетілді. Академияға қабылдау Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері бойынша берілген мемлекеттік сертификаттың балдарына сәйкес медициналық, физикалық және психофизикалық көрсеткіштер бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Курсанттар академияда оқудың барлық кезеңіне киім-кешекпен, жатақханада тұрумен, тамақтану жəне мемлекеттік шəкіртақымен қамтамасыз етіледі. Академияның күндізгі оқу түрінің толық курсын бітірген тыңдаушыға «әділет лейтенанты», «полиция лейтенанты» атағы беріліп, түлектердің әр қайсысына алған мамандығына сай қызмет орны ұсынылады.

Сонымен қатар, оқу орны екі бағыт бойынша қызме атқарады. Яғни, ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі және қылмыстық-атқару жүйесі үшін мамандар даярлауға маманданған. Сондай-ақ, қазіргі оқып жатқан оқуларын Қостанай академиясында үш жыл жалғастырып оқитындарын, сонымен қатар, Қостанай академиясына қабылданып жатқан түлектер базасының кеңеюіне байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатқандығын жеткізді ҚАЖ департаменті кадр мамандары.

Мөлдір Жолдасбекқызы,

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: