Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстандық жүргізушілер тек жеке куәлікпен жүреді

20.05.2020, 12:35 551 0

HALYQLINE.KZ Қазақстандық көлік жүргізушілері бұдан былай жүргізуші куәлігін алып жүрмейді. Полиция көлік иесі туралы барлық ақпаратты планшет арқылы көреді. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.

 – Біз автокөлік жүргізушісіне барлық құжаттарды өзімен бірге алып жүрудің қажеті жоқ деген норманы енгізгіміз келеді. Мұның бәрі бір ғана жеке куәлік арқылы жүргізіледі. Көлік иесі, сақтандыру полисінің мерзімі аяқталғанын, сенімхаттың қанша рет берілгенін, техникалық тексеру және айыппұлының бар-жоғы туралы ақпаратты полицейлер планшеттен көре алады. Ол үшін жеке куәлік жеткілікті, – деді Тұрғымбаев Мәжіліс отырысында.

Сонымен қатар, полицияның планшеттері көшедегі бейнебақылау камералармен біріктірілген. Егер көлік нөмірі жоқ көлікті байқаса, камера кезекшісі офицерге бірден хабар береді, патруль қызметкері көлік жүргізушісін тоқтатады. Мұндай жүйе Еуропаның бірнеше елінде жұмыс істейтінін атап өтті.

Ескеретіні сол, басқа мемлекетке шыққан кезде барлық құжаттарын алып жүру міндетті, өйткені бұл өзгеріс Қазақстан аумағында ғана жұмыс істейді. Бұған дейін ел президенті Қ.Тоқаев құжаттардың қағаз нұсқаларын электронды форматқа ауыстыру туралы тапсырма берген еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: