Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қала тұрғыны Полиция департаментінен сот арқылы ақша өндіріп алды

02.04.2024, 9:00 75

Азаматтың бұзылған құқығы қалпына келтіріліп, оның пайдасына моральдық зиян өндірілді, деп хабарлайды HALYQLINE.KZ Қызылорда қалалық сотының мәліметіне сүйеніп.

Қызылорда қалалық сотына талап қоюшы И. жауапкер «Полиция департаменті» мемлекеттік мекемесінен 300 000 теңге моральдық зиян және 220 000 теңге мүліктік залал өндіру туралы талап қоюымен жүгінді.

Талап қоюшы полиция қызметкерінің заңсыз әрекеттерінен 34 500 теңге айыппұл салынып, жекеменшігіндегі автокөлігін емін-еркін пайдалану құқығынан айырылғанын, шағымына заңды жауап алғанша бір айға жуық уақыт бойы тән азабын шегіп, өзіне мүліктік және моральдық зиян келгенін көрсеткен.

Сот дәлелдемелерді зерделей келе, талап қоюшының талабын ішінара қанағаттандырды. Талап қоюшының пайдасына жауапкерден 70000 теңге мүліктік шығын, 100000 теңге моральдық зиян, 150000 теңге сот шығыны, 2425 теңге мемлекеттік баж, барлығы 322425 теңге өндіріп алу туралы шешім шығарылды.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: