Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Премьер-министрге шабуыл жасамақ болған күдікті қолға түсті

12.10.2026, 11:40 82

Польша премьер-министрі мен қорғаныс министріне қастандық ұйымдастыруды жоспарлады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы елдің премьер-министрі Дональд Туск X әлеуметтік желісінде жазды.

«Шабуыл жасаймын деп қоқан-лоқы көрсеткен ер адам ұсталды. Полиция қызметкерлеріне жедел әрі батыл әрекеттері үшін алғыс айтамын», – деп жазды Польша үкіметінің басшысы.

Польша Ішкі істер министрлігінің басшысы Марчин Кервиньскийдің айтуынша, жасы алпысты алқымдаған күдікті елдің оңтүстік-батысында ұсталған. Құқық қорғау органдары күдіктінің кімдермен араласқанын және оның интернеттегі әрекетін тексеріп жатыр. Ұсталған адамның үйінде тінту жүргізілуде.

Дональд Туск 2023 жылдың желтоқсанынан бері Польша үкіметін басқарады. Ал Владислав Косиняк-Камыш – елдің қорғаныс министрі әрі вице-премьер.

Польша – Украинаның Еуропадағы негізгі одақтастарының бірі саналады. Сонымен қатар Киевке әскери әрі гуманитарлық көмек жеткізудегі маңызды транзиттік пункт.

Фото: apnews.com

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: