Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нәзікжанды тәртіп сақшысы

08.03.2021, 16:00 1192

HALYQLINE.KZ Азаматтардың құқығын қорғайтын, қылмыскерді құрықтайтын полицей дегенде көпшіліктің көзіне мығым денелі ер-азаматтың елестейтіні анық. Алайда бұл нәзікжандылар тәртіп сақшысы бола алмайды деген сөз емес. Тәртіп сақшыларының арасында биік белестерге қол жеткізіп, қызметпен бірге спортты, сондай-ақ отбасы тіршілігін қатар алып жүрген арулар баршылық.

Осындай нәзікжанды азаматшалардың бірі Қызылорда облысы Полиция департаментінің Шиелі аудандық полиция бөлімінің Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық тобының аға инспекторы полиция капитаны – Көрпебаева Назерке Сақтапбергенқызы.

Назерке – Ақтөбе Заң Институтының түлегі. Оқуын үздік аяқтаған жас маман қызметтегі жолын осы Шиелі аудандық Полиция бөлімінде бастаған. Мектеп қабырғасында жүргенде түрлі спорттық, патриоттық жарыстарға жиі қатыса отырып, өзін болашақта елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін осы мамандыққа деген сүйіспеншілігі оянған Назерке, ойланбастан Полиция қызметкері болуды өзіне мақсат етіп, осы салада білім алып, қазіргі уақытта білікті маман ретінде қызмет етуде. Жұмысының алғашқы қадамын мектеп инспекторынан бастап, кейіннен кадр бөлімінде жалғастырды. Қазіргі уақытта Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық тобының аға инспекторы міндетін атқаруда. Назеркенің бұл қызметке деген қызығушылығы аса жоғары, сол себепті болар өзіне жүктелген тапсырмаларды уақытында тиянақты орындайды.

Елдің қамын ойлар осындай жалындаған жастар болашағымыздың жарқын екенін атап айтуға болады.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: