Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мотокөлік мінген жасөспірім жол-көлік оқиғасын жасады

08.11.2023, 18:10 147

HALYQLINE.KZ

Жыл сайын мопед және скутер мотокөлігіне отырғандардың саны көбейіп келеді. Сондай-ақ, жол-көлік оқиғалары да жиілеп кеткен. Бұл жолы көлік оқиғасы қала көшелерінің бірінде болды.

С.-ның тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған Д. үй жанында скутер мотокөлігін басқарып, кәмелетке толмаған Е.-ні қағып, жол-көлік оқиғасын жасап, соның салдарынан кәмелетке толмаған балаға денсаулығына жеңіл зиян келтірген.

С. сотқа берген түсінігінде әкімшілік хаттамамен келісетінін, ұлы скутер мотокөлігін басқарып, кәмелетке толмаған Е.-ні қағып кеткенін, жәбірленуші тарапынан арыз-шағым жоқ екенін, бұл әрекетіне өкінетінін, енді қайталанбайтынын айтып, жеңіл жаза тағайындауын сұраған.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарлауынша, ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігінде ата-ананың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы, кәмелетке толмаған адамның әкімшілік құқықбұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген іс-әрекеті үшін әкімшілік жаза көзделген.

Сот қаулысымен С.-ға ӘҚБтК-нің 127-бабы 3-бөлігінің санкциясында көзделген жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, түпкілікті оған 69000 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Көрнекі  сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: