Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында кездесу өтті

14.10.2026, 16:40 29

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінің жеке құрам қызметкерлері сала ардагерінің үйіне арнайы барып, тағылымды кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – кітап оқуды насихаттау, рухани құндылықтарды дәріптеу, қызметкерлердің әдеби кітаптарға деген қызығушылығын арттыру,  аға буынның өнегесін дәріптеу.

Сала  ардагері Бертлеуов Орынбай Хабиұлы кездесу барысында Қылмыстық-атқару жүйесі саласының ауыр қызметі мен жауапты құжаттарында кітап оқып, ой өрісін кеңейтудің маңыздылығын, сауатты да білімді қызметкердің қызметте ұтымдылығында атап өтті. Сонымен қатар өзінің оқып, мазмұнынан тағылым алған әдеби кітаптарын қызметкерлерге сыйға тартты. Өз кезегінде мекеме қызметкерлері ардагерге жылы қабылдауы мен рухани қазынаға айналған кітаптарын бөліскені үшін алғыс білдірді. Бұл – кітаптың құндылығын ұлықтап, оқырмандық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған игі бастама. Тағылымды жүздесу барысында кітап оқудың адамзаттың рухани дамуына, дүниетанымының кеңеюіне және ой-өрісінің қалыптасуына қосар үлесі айқын көрініс тапты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: