Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Iphone12» ұялы телефонын тартып алыпты

17.05.2022, 17:40 531

HALYQLINE.KZ

12 мамыр күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының «102» жедел арнасына 19 жастағы қала тұрғыны хабарлама берген. Оның айтуынша, түнгі уақытта көпқабатты үйдің ауласында бейтаныс азамат ұрып-соғып, «Iphone12» ұялы телефонын тартып алып, оқиға орнынан қашып кеткен. Келтірілген шығын 500 мың теңгені құрайды.

Көп ұзамай жедел шаралар нәтижесінде осы қылмысқа күдіктелген 20 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ұялы телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, деп хабарлайды Полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Көрнекі  сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: