Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Есігінің алдына есірткі еккен екеу

03.06.2020, 10:25 629

HALYQLINE.KZ «Қарасора – 2020» кең ауқымды арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасының алғашқы күнінде-ақ өсіруге заңмен тыйым салынған сора өсімдігін ауласында еккен қызылордалық 2 тұрғын ұсталды. Мұны Қызылорда ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері анықтап отыр.

Атап айтқанда, қалаға қарасты Белкөл кентінің 48 жастағы тұрғыны үйінің ауласына 12 түп сора және қызылордалық 37 жастағы азамат есігінің алдына 4 түп сора өсірген.  

Күдіктілерге қатысты «өзін дұрыс ұстау және ешқайда кетпеу туралы»  қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Бұл  деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: