Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Емделемін деп, «сенделіп» кетті

12.02.2021, 10:00 562

HALYQLINE.KZ Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 9 ақпан күні 1953 жылы туған облыс орталығының тұрғыны арызданды. Арызданушы қаладағы емдеу орталықтарының бірінде ем қабылдап жатқан. Ем қабылдау кезінде белгісіз азамат төсек астындағы әмиян ішінен 56 500 теңге көлеміндегі қаржысын қолды еткен.

Тәртіп сақшыларының жүргізген жедел-іздестуру шараларының нәтижесінде 1992 жылы туған қала тұрғыны анықталып, ұсталды.

Оған қатысты, ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде).

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: