Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дәстүрлі емес діни ағымдағы материалдарды жариялаған Қызылорда қаласының тұрғыны ұсталды

15.02.2024, 17:30 108

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында дәстүрлі емес діни ағымдағы материалдарды әлеуметтік желіде қауымдастық ашып, жариялағаны үшін деструктивті діни ағымды ұстанатын 62 жастағы облыс орталығының тұрғыны анықталды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп, қылмыстық іс сотқа жолданған.

Қызылорда қаласы мамандандырылған сотының 18.01.2024 жылғы үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылауға алынды. Үкім заңды күшіне енді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: