Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бесжан Төлеубекұлы «Әуежай ісіндегі» әрекеті үшін 15 тәулікке қамалды

14.07.2023, 14:37 488

HALYQLINE.KZ

Журналист Күлтегін Аспанұлының хабарлауынша, судья Руслан Жамалбек Бесжан Төлеубекұлын Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 488-бабы, 7-бөлімі бойынша кінәлі деп танып, 15 тәулікке қамады.

Ол 11 шілде күні «Әуежайды басып алу ісі» қаралып жатқан Наурызбай аудандық сотының алдында «санкцияланбаған наразылық акциясына қатысып, Алматы тұрғындарын бейне үндеу арқылы митингіге шақырғаны үшін» әкімшілік қамауға алынды.

Мұның алдында хабарлағанымыздай, Бесжан Төлеубекұлын Алматы қаласының полицейлері ұстап әкеткен.

Бесжан Төлеубекұлы бұған дейін де қоғамдық белсендігілімен танылып, бірнеше рет әкімшілік жазаға тартылған. Соңғы өткен парламент мәжілісі сайлауы кезінде Алматы қаласындағы тәуелсіз бақылаушылар ұйымына жетекшілік еткен.

Бесжан «Әуежай ісі» бойынша сот залына қатысқандардың бірі. 11 шілде күні Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотында Қаңтар оқиғасы кезінде «әуежайды басып алу ісі» бойынша сот үкімі шыққан. Үкімде журналист Әйгерім Тілеужанды 4 жылға, Қалас Нұрпейісов, Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шилібаев, Жанайдар Кәрменовтің әрқайсын 8 жылға бостандығынан айырған.

«Әуежайды басып алу ісі» бойынша сот үкімі қоғамдық резонанс туғызып, бір топ қаламгер бұл іс бойынша айыпталғандардың кінәсі жоқ деп есептейтінін айтып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдаған.

Әйгерім Тілеужан түрмеден хат жолдап, тілеулестеріне ризалығын білдірген.

«Баршаңызға сәлем! Менде бәрі жақсы. Көңіл-күйім бірқалыпты. Еш уайымдамаңыздар. Сіздерге, баршаңызға алғысым шексіз. Мен үшін ең бастысы – сіздердің қолдауларыңыз. Бұрын айтқанымдай, басымды имеймін, тіземді бүкпеймін. Әділдік пен шындық үшін күресті жалғастырамыз. Қажет болса БҰҰ-на дейін барып, құқығымызды қорғаймыз», – делінген хатында.

Әйгерім Тілеужанның жазған хаты

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: