Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Белсенді Бесжанды қамауға алып, айып тағып отыр

14.07.2023, 11:23 233

HALYQLINE.KZ

Алматы қаласының Полиция департаменті Наурызбай аудандық ПБ майоры Жүнісбеков белсенді Бесжан Төлеубекұлына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы 7-бөлімімен «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзды, заңсыз митинг ұйымдастырды» деп айыптап, хаттама толтырған. Бұл ақпартты The Qazaq Times хабарлады.

Белсендіні 11 шілде күні «Әуежай ісін» қараған Наурызбай аудандық соты ғимараты алдында сағат 11:00 шамасында «санкцияланбаған наразылық акциясына қатысып, “ХАЛЫҚ ТЕРРОРИСТ ЕМЕС!” деген плакат ұстаған топ алдында микрофонмен сөйлеп, Алматы тұрғындарын бейне үндеу арқылы заңсыз митингке шақырды. …Прокуратура мен әкімдік өкілдерінің ескертуіне құлақ аспай жалғастырды. Жиынға қатысып, белсенді болды» деп айыптайды.

Әкімшілік істер жөніндегі полиция бөлімінің бастығы, майор Асқат Байдалиев белсендінің адвокаты Жалғас Сапарханова Төлеубекұлын тауып беруге уәде беріп тұрған сәті. Фото авторы: Күлтегін Аспанұлы

Адвокат Жалғас Сапарханова қазір қорғауындағы Бесжан Төлеубекұлымен Наурызбай аудандық ПБ ғимаратында. Олар соттың офлайн тәртіпте өтуін талап еткен.

Белсенді Бесжан Төлеубекұлы кеше Жамбыл облыстық сотындағы қаңтаршылардың апелляция процесінен Алматыға келген. Оны оралған бойда, яғни 14 шілдеге қараған түні сағат 00:47 шамасында үйіне кіреберісте полицейлер ұстап әкеткен. Бесжанның қайда екені бүгін Астана уақытымен сағат 09:45-ке дейін белгісіз болған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: