Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бас дәрігер өзіне 2,5 млн сыйақы жазып алған

02.12.2021, 10:30 595

HALYQLINE.KZ «Байқоңырда көпсалалы аурухананың бас дәрігеріне қатысты бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену ісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр» деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу барысында 2020 жылдың желтоқсан айында Байқоңыр қаласындағы көпсалалы аурухананың бас дәрігері лауазымын пайдаланып, өзіне заңсыз сыйақы аудару арқылы аталған медициналық мекемеге тиісті қаражаттан 2 млн 500 мың теңге көлемінде қаржы ұрлағаны анықталды.

«Байқоңыр» прокуратурасы қазір қылмыстық іс бойынша жасалған әрекеттің мән-жайы анықталып, «Байқоңыр қаласының көпсалалы ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына келтірілген материалдық шығынды өтеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: