Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Балалар тасымалына бейжай қарамау керек

15.09.2022, 11:50 221

HALYQLINE.KZ

Қызылордалық полицейлер жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында балалар тасымалымен айналысатын барлық балабақшалар өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыс көлемінде орналасқан балабақшалар мен мектепке дейінгі ұйымдардың балаларын тасымалдауға арналған көлік құралдарын анықтап, техникалық жай-күйіне тексеру жұмыстарын жүргізу мақсатында, қыркүйек айының 15-22-сі күндері, яғни бүгіннен бастап «Балабақша» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

Осыған орай, Қызылорда ОПД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Шамшидин Амитов түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін қала көлеміндегі барлық балабақша өкілдерімен кездесу өткізді.

Қызылорда облысы көлемінде қазіргі таңда 603 мектепке дейінгі білім беру ұйымы тіркелген, Оның ішінде 441 жеке балабақша, 162 мемлекеттік балабақша және 76 шағын мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар.

Сондықтан жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыр зардапты жол апаттарына жол бермеу мақсатындамектепке дейінгі мекемелерде және балабақшаларда балаларды тасымалдаумен айналысатын көліктерге қойылатын талаптар жөніндегі ақпарат қатысушыларға жеткізілді:

ҚР Үкіметінің 13.11.2014 жылғы №1196 санды қаулысымен бекітілген «Жол жүрісі қағидалары» нормативтік құжатына сай, балалар тасымалдауымен айналысатын көліктерді сәйкестендіруге;

– «Балаларды арнайы ұстау құрылғысы немесе баланы қауіпсіздік белдігінің көмегімен отырғызып қоюға мүмкіндік беретін көлік құралының конструкциясында көзделген өзге де құралдар болмаған кезде, ал механикалық көлік құралының алдыңғы орындығында балаларды арнайы ұстау құрылғысы болмаған кезде тасымалдауға тыйым салынады»;

– «Балалар топтарын ұйымдастырылған түрде тасымалдау кемінде екі есігі бар автомобиль көлігімен жолаушыларды және багажды тасымалдау ережелерінде белгіленген талаптарға жауап беретін автобустармен жүзеге асырылады»;

– «Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдауға арналған автобустар сары түсті жарқылдауық маякпен жабдықталады. Бұл автобустардың алдында және артына «Балалар тасымалы» деген таным белгілері орнатылады»;

– «Балалар топтарын ұйымдастырылған түрде жасы кемінде 25 (жиырма бесте), тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және кемінде 5 (бес) жыл еңбек өтілі бар жүргізушілердің тасымалдануына рұқсат етіледі»;

– «Автобус шанағында тасымалданатын балалардың саны орындық санынан аспауы тиіс» – делінген.

«Балаларды тасымалдауға арналған автобустар», Техникалық талаптар және сынау әдістері (ГОСТ 33552-2015) мемлекетаралық стандарты нормативтік құжатының талаптарына сәйкес ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдауға арналған автобустар сары түсті болуы және онда 8 литрлік  2 өрт сөндіргіш құралы (огнетушитель), 2 дәрі-дәрмек қобдишасы болуы тиіс екендігі көрсетілген.

«Аталған талаптарды орындамаған көлік жүргізушілеріне қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексіне сәйкес айыппұл салынады. Осы ретте, аталған талаптарды және жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз», – деп ескертті Қызылорда облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрмахан Пазылов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: