Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алаяқтық жасағаны үшін сот залынан қамаққа алынды

05.02.2024, 9:20 105

HALYQLINE.KZ

Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 4)-тармағымен сотталушы С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы С. алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында Қазақстан Республикасының «Бастау-Бизнес» мемлекеттік жобасынан 1 380 000 теңге мөлшерінде «қайтарымсыз грант» алу үшін сертификат пен бизнес жоспарын тез дайындап беремін деп сотталушының қылмыстық пиғылынан бейхабар болған 19 жәбірленушінің әрқайсысынан шамамен 150000 теңге көлемінде ақшасын жымқырған. Барлығы жәбірленушілерге 3900000 теңгеге материалдық залал келтірген.

Сотталушы С. кәмелетке толмаған балаларының мүдделерін ескермей, қылмыс жасаған уақытта қылмыстық жауапқа тартылатынын біле тұра, жас балаларының тағдырына немқұрайды қарап, қасақана әрекетімен, яғни 2 айдың ішінде 19 жәбірленушінің мүліктерін алаяқтық жолмен жымқырған. Қылмыспен келген залалды толығымен төлемеген, сондай-ақ, бұдан өзге де 6 жәбірленушіге қатысты осы уақыт аралығында алаяқтық қылмысын жасаған деп күдіктелген қылмыстық ісі бөлектеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Басты сот талқылауында сотталушы С. өз жауабында кінәсін толық, яғни жәбірленушілерге қатысты алаяқтық жасағанын толық мойындап, жәбірленушілердің ішінара ақша-қаражатын қайтарғанын көрсетті.

Сот үкімімен сотталушы С. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 4)-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталған С. сот залынан қамаққа алынды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: