Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аймақта 5 мыңнан астам құқықбұзушылықтың алды кесілді

14.10.2026, 17:00 70

Облыс аумағында апта көлеміндегі рейд нәтижесінде 5 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Атап айтқанда, көлік құралын масаң күйде басқарудың 20, белгіленген қозғалыс жылдамдығын асырудың 1 107, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қатысты талаптарды сақтамаудың 694, жол қиылыстарынан өту қағидаларын бұзудың 167 және маневр жасау қағидаларын бұзудың 265 дерегі анықталды.

Сондай-ақ көлік құралын басқаруға қажетті құжаттары жоқ немесе басқару құқығына қатысты талаптарды бұзған жүргізушілерге байланысты 228 дерегі тіркелді.

«Заң және тәртіп» қағидатын нығайту, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда облысының аумағында полиция қызметкерлері рейдтік-профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізуде.

Жолдағы тәртіп — әр адамның қауіпсіздігінің кепілі. Ережені сақтаңыз, өміріңізді қатерге тікпеңіз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: