Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Адамдардың сенімі – алаяқтардың олжасы!

12.09.2023, 14:48 124

HALYQLINE.KZ

Уәкілетті органдармен алаяқтыққа қарсы кешенді іс-шаралар атқарылғанымен,бұл қылмыс түрі әлі де орын алуда.

Оның себептерінің бірі адамдардың алаяқтарға оңай сеніп қалуы және көзі жетпей тұрып, ақшасын алдын ала беруі.

Мысалы, биыл қадағалау аумағында жалғаспалы кезекті бір алаяқтық дерегі орын алды.

Атап айтқанда, Сырдария ауданы, А.Тоқмағанбет ауылының тұрғыны Ж.Н. бір ғана мақсатпен 11 жәбірленушіні алдау арқылы бөтеннің мүлкін жымқырып, алаяқтық жасаған.

Күдікті Ж.Н. көздеген қылмыстық пиғылын аяғына дейін жеткізу мақсатында өзін «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының маманы ретінде таныстырып, қолындағы ұялы телефоны арқылы «WhatsApp» қосымшасына кәсіпкерлік нысанға байланысты мемлекет тарапынан беріліп жатқан қайтарымсыз несие алу жөнінде әр түрлі жарнамаларды салып отырған. 

Сөйтіп, аудан тұрғындары оны естіп-көріп, бір-біріне айтып, Ж.Н-ға жүгініп, айтқан сөздеріне сеніп, соңғының қызметіне түрлі сомадағы қаражаттарды берген.

Нәтижесінде күдікті ешқандай да несие рәсімдемей алаяқтық қылмысымен жәбірленушілердің 1 903 000 теңге ақшаларын заңсыз иемденіп, жеке бас пайдасына жаратқан.

Сырдария аудандық сотының 17.05.2023ж. үкімімен Ж.Н.Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 3) тармағымен кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енді

Сотталған Ж.Н. 11 жәбірленушінің 1 903 000 теңге ақшаларын жаратып жібергенін, қайтаруға мүмкіндігі жоқтығын сот тергеуінде жауап берген.

Осыған орай жоғарыда аталған сот үкімімен жәбірленушілердің талап-арыздарына сәйкес сотталған Ж.Н.-нен мәжбүрлі түрде өндіруге шешім қабылданып, сот орындаушымен тиісті сомалар өндірілетін болады.

Сондықтан алдын-ала ешкімге өз ақшаларыңызды немесе мүліктеріңізді бермеулеріңізді және көздеріңіз жетпей тұрып бөгде адамның сөздеріне сенбеулеріңізді сұраймыз!

Сырдария ауданыныңпрокуратурасы       

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: