Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

904 мас жүргізуші анықталды

19.11.2021, 15:45 306

HALYQLINE.KZ Көлік құралын мас күйінде басқару – қылмыспен тең. Жүргізушілер спирт ішімдігін ішіп, көлік басқару алдында өзінің ғана емес, өзгенің де өміріне қауіп төндіретінін ойлану керек. Осы жылдың 10 айында облыс бойынша көлік құралын мас күйінде жүргізген 904 жүргізуші анықталды.

Мысалы, 17 қараша күні патрульдік полиция қызметкерлерімен Қызылорда қаласының көшелерінің бірінде Ваз 2107 маркалы автокөлігі тоқтатылды. Тексеру барысында Қызылорда қаласының 47 жастағы жүргізушінің автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталды. Жүргізушіге жасаған әкімшілік құқықбұзушылығы үшін Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) әкімшілік хаттама рәсімделіп, жинақталған құжаттар сотқа жолданған.

Осы тектес әкімшілік құқықбұзушылық 18 қараша күні орын алды. 31 жастағы жүргізушісі Ваз 2110 автокөлігін масаң күйде басқарған. Оған әкімшілік құқық бұзушылығы үшін Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) әкімшілік хаттама рәсімделіп, жинақталған құжаттар сотқа жолданған.

Аталған деректер бойынша бүгін, яғни 18 қараша күні Қызылорда қаласы мамандандырылған әкімшілік сотымен онлайн форматында сот отырысы болып, жоғарыда аталған жүргізушілерге қатысты әкімшілік істер қаралып, сот шешімімен құқық бұзушылар 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Сұлтан Жеңісбайұлы,

Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі:

«Жол-көлік оқиғалары көбіне осылай рөлге мас күйде отыру салдарынан болады. Сондықтан ішімдік ішіп, көлік тізгіндемеңіздер. Бұл өз өміріңізбен қатар, өзгенің де өміріне қауіпті болады. Осы ретте, автокөлік жүргізушілерін жолда жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырғым келеді. Сіздің ойланбаған әрекеттеріңізден кінәсіз адамдар зардап шегуі мүмкін».

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: