Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Технология адам өмірін жеңілдету үшін керек»

31.05.2020, 16:30 1629

HALYQLINE.KZ Кез келген нәрсені бастағанда «не үшін істеп жатырмын?» деген сұраққа жауап тапқан абзал. Сонда істің мәні болады.

Технология не үшін керек? Адам өмірін жеңілдетіп, көмектесу үшін қажет. Мысалы, Қытайда адам бетін анықтау технологиясы осыдан 32 жыл бұрын жоғалған баланы тауып алған. Қалай?

1988 жылы Қытайда 2 жасар баланы (Mao Yin) ұрлап кетіп, басқа отбасыға сатып жіберген. Баланың ата-анасы ұлын 30 жылдан аса іздеген.

Полиция жақында бетті тану технологиясын пайдаланып, жоғалған 2 жасар баланың фотосын 34 жасар адамның кейпіне келтірген. Сол фото бойынша ер азаматты ел бойынша іздеген. Тауыпты, ДНК-сын тексерген. Сай келген. Ата-анасымен қосылыпты.

Нұрмұхамед БАЙҒАРАЕВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: