Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шиеліде су үнемдеу технологиясымен жүгері өсіру жобалары таныстырылды

31.08.2026, 22:10 25

 HALYQLINE.KZ

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев Шиелі ауданына жұмыс сапары кезінде Телікөл ауылдық округіндегі «Таң ЛТД» ЖШС жүгеріні тамшылатып суару әдісі арқылы өсірілген жүгері алқабына барды, деп жазады баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы үш мың гектар алқапқа жүгері өсіруге бағытталған жаңашыл жобамен, биыл егілген мың гектар егістің жай-күйімен танысты. Мұнда да мемлекеттік қолдау және инвестициялық қаржы есебінен су үнемдеу жабдықтары, суару жүйелеріне қажетті инфрақұрылым тартылған.

2024 жылы қытайлық «Bayan Country Jiarun Agricultural Development CO» компаниясының өкілдерімен бірлескен жұмыс нәтижесінде былтыр тамшылатып суару әдісімен 700 гектарға жүгері егіліп, одан 4,5 мың тоннадан астам өнім жиналған. Осылайша аталған жоба тиімділігін көрсетіп, өнім көлемі жылдан-жылға артып келеді. Алқапта 50 адам еңбек етуде, 2027 жылға дейін толық қуатымен іске қосылады.

Ал «Центр Семеноводства» ЖШС Талаптан ауылдық округінде жүгеріні тамшылатып суару әдісімен өсіруде. Негізі 10 млрд теңгенің жобасы аясында 10 мың гектар алқапқа жаңбырлатып суару технологиясы арқылы дәндік жүгері өсіріледі. Биыл шаруашылық мың гектар жерге осы дақылды еккен. Мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіліп, суару жүйелерінің жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, тартылған инвестиция есебінен су үнемдеу технологияларына қажетті құралдар сатып алынған.

Қазір егіс алқабында 50 адам тұрақты жұмыс істейді. Жобаны 2026-2028 жылдары кезең-кезеңімен толық іске қосу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, биыл Шиелі ауданында 32 499 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Бүгінде егін жинау науқаны қарқынды жүргізілуде, 1 661 тонна бидай, 15 гектар арпа толық орылған. Егін жинау науқаны жалғасуда.

Өңірде су үнемдеу технологияларын енгізу қарқыны жыл сайын артып келеді. Өткен жылы мұндай технологиялар 8 100 гектар алқапқа қолданылса, биыл оның көлемі 14 200 гектарға дейін ұлғайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: