Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Робот құйрық»: адамзаттың жаңа «тепе-теңдігі»…

18.05.2026, 9:00 194

HALYQLINE.KZ

Жапонияның Кейо университетінің инженерлері теңіз жылқысының (морской конек) дене құрылымынан шабыт алып, «Arque» атты ерекше тағылатын құрылғы ойлап тапты…

Бұл – ұзындығы шамамен бір метр болатын роботтандырылған құйрық. Ол адам денесінің тепе-теңдігін сақтау үшін «қарсы салмақ» (тиек) рөлін атқарады…

Бұл технология қалай жұмыс істейді?

Жануарлардың құйрығын пайдалана отырып өз қозғалысын реттейтіні және тартылыс күшінің орталығын басқаратыны сияқты, бұл құрылғы да сығылған ауа мен төрт жасанды бұлшықеттің көмегімен адамның әрбір қозғалысына сәйкес әрекет етеді.

Кімдерге арналған?

* Қарт адамдарға: Күнделікті қозғалыс кезінде тепе-теңдікті жоғалтудан сақтап, құлап, жарақат алу қаупін азайтады…

* Өндіріс жұмысшыларына: Ауыр жүк тасымалдау кезінде қосымша тұрақтандырғыш болып, денеге түсетін салмақты жеңілдетеді…

Ерекше артықшылықтары:

* Әр адамға жеке бейімделуі: Тұтынушының дене салмағына байланысты құйрықтың буындарын қосу немесе алып тастау арқылы реттеуге болады…

* Биомиметикалық инженерия: Табиғат ана мен робот техникасын ұштастырған бұл туынды – қартайып бара жатқан қоғамда туындайтын қозғалыс қиындықтарын шешуге бағытталған батыл қадам…

Қазіргі уақытта бұл тек зерттеу деңгейіндегі жоба (прототип) болғанымен, шығармашылық дизайнның адам өмірінің сапасын арттыруға және тән сенімділігін нығайтуға қалай әсер ете алатынының жарқын мысалы саналады.

Аударған  Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: