Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Жыл басынан бері неше мемлекеттік қызмет көрсетілді?

17.04.2023, 15:15 224

HALYQLINE.KZ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету орталықтары жыл басынан бері 134 мың 971 мемлекеттік қызмет көрсетті. Көрсетілген қызметтердің көш басында Электронды цифрлық қолтаңба беру қызметі тұр. Мамандар жылдың І тоқсанында өңір тұрғындарына 41 мың 722 ЭЦҚ берген. Бұл көрсетілген қызметтердің 31%-ын құрайды.

Танымал қызметтердің екінші сатысынан 18%-бен ел азаматтарын құжаттандыру қызметі көрінді. ХҚО мамандары қызмет алушыларға 24 мың 468 жеке куәлік пен паспорт табыстаған.

Сұранысқа ие қызметтердің алғашқы үштігін көлік құралдарын тіркеу қызметі 11%-пен қорытындылады. Мамандар осы қызметке түскен 15 мың 58 тапсырысты орындаған.

Жылжымайтын мүлікті тіркеу мен жүргізуші куәлігін беру де танымал қызметтердің сапында. Филиал арқылы 13 мың 555 (10%) жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметі орындалып, 6 мың 386 (5%) жүргізуші куәлігі табыс етілген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: