Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда Imam AI іске қосылады

01.05.2026, 14:00 65

Қазақстанда діни сұрақтарға жауап беретін Imam AI жобасы іске қосылады. Жоба мұсылман қауымына күнделікті өмірде кездесетін діни мәселелер бойынша жедел әрі түсінікті ақпарат беруге бағытталған.

Kazinform мәліметінше, цифрлық имамға намаз, ораза, зекет, отбасы, діни рәсімдер және тұрмыстық жағдайларға қатысты сұрақ қоюға болады. Жоба жасанды интеллект мүмкіндігін пайдалана отырып, қолданушыларға анықтамалық сипаттағы жауап ұсынуды көздейді.  

Мамандар мұндай сервистердің діни сауаттылықты арттыруға көмектесетінін айтады. Дегенмен күрделі діни-құқықтық мәселелерде ресми діни басқарма мамандарынан кеңес алған дұрыс.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: