Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қала тұрғындары үшін тегін интернет

16.05.2026, 0:42 30

Қызылорда қаласы Жахаев көшесіндегі Арбат аумағында «Интернет желісіне Free Wi-Fi қолжетімділігі» жобасының салтанатты ашылуы өтті.

Шараға қала әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов, облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Сәбит Ибадулла және шаһар тұрғындары қатысты.

Енді тұрғындар мен қала қонақтары ноутбук пен ұялы телефон арқылы орталық алаң мен Арбатта жоғары жылдамдықтағы тегін WI-FI интернет желісін пайдалана алады.

Шарада 17 мамыр – Байланыс қызметкерлері күні қарсаңында коммуникация, байланыс саласының дамуына үлес қосқан «Транстелеком» АҚ «Қызылордатранстелеком» филиалының бірқатар мамандары қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Орталық алаң және Арбат – енді тек демалыс орны ғана емес, заманауи цифрлық мүмкіндіктер алаңы!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: