Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құрмет

26.03.2023, 11:00 204

HALYQLINE.KZ

Марлен Дитрих Совет Одағына келгенде:

– Москвада сіз нені көргіңіз келеді, Кремль, Үлкен театр, Мавзолейді ме? – деп сұрағанда, ХХ ғасырдың ұлы актрисасы жай ғана:

– Мен совет жазушысы Константин Паустовскийді көргім келеді. Бұл менің көп жылғы арманым еді! – дейді.

Мәссаған?! Бәрі де таң қалады, әлемге әйгілі актриса қайдағы бір, жай жазушы Паустовскийді?! Не деген сандырақ?! Бәрі де аяғынан тік тұрып іздеп кетеді. Кешке қарай төсек тартып жатып қалған Паустковскийді орнынан тұрғызып кездесуге алып келеді. Концерт үстінде болған жағдай бәрінің жағасын ұстатты. Сахнаға шайқатылып, әрең шығады.

Осы сәтте оны көрген әлемге әйгілі кино жұлдызы, Реймак пен Хемингуэйдің досы, жазушының алдына келіп кенеттен ешнәрсе айтпастан, тізерлеп отыра кеткенде кешкі көйлегіне қымбат асыл тастарды араластырып тіккендіктен, бытырлап үзіліп сахнаға шашылып кетті. Марлен жазушының қолынан сүйіп, көзінен ағып жатқан жасқа алақанын басып ұзақ отырды.

Үлкен зал үнсіз қалды, бәрі де түсінбесе де, орындарынан тұрып, ду қол шапалақтап тұрып алды.

Сосын Паустовскийді сахнадағы креслоға отырғызып, түсінбей тұрған көрермендерге қарап: «Мен өзімнің өмірімдегі ең елулі оқиға Константин Паустовскийдің неміс тіліне аударылған «Телеграмма» әңгімесін оқуым болды», -деді де, сөзін жалғастырып: «Содан бері менде бір арман болды. Ол осы әңгімені жазған адамның қолынан сүю болды. Менің арманым орындалды! Мен осы күнге үлгергеніме бақыттымын. Рақмет!».

Бақытжан  Абдул-Түменбай,

тарихшы,  журналист-дайджест

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: