Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Немістер жоғары бағалаған кино

18.03.2023, 11:00 409

HALYQLINE.KZ

1973 жылдың 11 тамызында телеэкранда детектив жанрының майталманы Юлиан Семеновтың «Көктемнің он жеті сәті» атты деректі кітабы бойынша режиссер Татьяна Лиознова түсірген12 сериялы фильмді көрсетуді бастады. Фильм басталатын сәтте көшеде адам күрт азайып, көшеде жүретін көліктер де көрінбейтін болған, бәрі де совет барлаушысы Исаев-Штирлиц өзіне тапсырған құпия тапсырмасының орындаулын қадағалап орнынан қозғалмай отырып қалды, сол кезде осы фильмді 80 млн совет адамы бір мезгілде көрген екен.

Фильмді Германияда көрсету үшін алдын ала, сол кездегі ГДР-дің МГБ-нің сыртқы барлау бөлімін басқаратын генерал Марк Вольф фильмнің 3 жеріне өзгерту енгізуді ұсынды:

1. Штирлиц мінген «Horon» машинасын империяның жоғары лауазымды адамдары мінген болып шықты, ал Штирлицтің шені штандартенфюрер (полковник), сондықтан Штирлицті «Мерседеске» мінгізу керек деді.

2. Радист Кэт  «Шарита» клиникасында босанады, ол да немістердің элитасына арналған емделу орны болып шықты, ал Кэт Берлиннің жай тұрғыны еді.

3. Оқиға негізінен өтетін жер РСХА, яғни Рейх Империясының Қауіпсіздік Басқармасы, оны одақтастар авиациясы наурыз айында бомбалап тастаған болатын, сондықтан оның дәлізін көрсетпейтін болды.

Фильмнің осы жерлері қайта түсіріліп, ГДР-да көрсетілуі үлкен ажиотаж туғызды.

Неміс халқы бұл фильмді өте жоғары бағалады, себебі бұған дейінгі фильмдерде режиссерлер «жеңімпаздарды айыптамайды» қағидасымен түсірген болатын. Онда фашистер мен олардың генералдары шетінен есерсоқ, айқайшыл, жауыз қылып көрсетілген еді. Ал, «Көктемнің он жеті сәтіндегі» фильмде Кальтенбрунер, Мюллер, Шелленберг, Борман, Гиммлер, Геринг, Гебельс, Вольф, т.б. шетінен логикалық ойлауы күшті, үлкен интелект иелері ретінде көрсетілді.

Фильмді түсіру барысында кей эпизодтар аяқ астынан туып отырды. Гестапо бастығы Генрих Мюллердің ролін ойнаған актер Леонид Броневой түсіру кезінде иығын қиқандатып қозғала береді. Режиссер Лиознова: «не болды?» деп сұрағанда, актер: «мына мундирдің жағасы тар болып қысып тұр» дегенде, Мюллердің ашуланғанда тыржиып, иегін бір жаққа қозғайтын әдеті фильмге енген ең үздік идея болды.

Рейхтің сыртқы барлауын басқарған бригаденфюрер Вальтер Шеленбергтің қарындасы ағасының ролін ойнаған актер Олег Табаковтың ролін жоғары бағалап, «Вальтер ағатайымды сағынсам, сіз ойнаған фильмді көремін» деп хат жазды, ол кезде біздерде ұнаған фильмді жазып алатын видеомагнитофон болған жоқ, оларда болғанын осыдан білуге болады.

Екінші үздік шыққан роль Василий Лановой ойнаған обергруппенфюрер Карл Вольф тың бейнесі болды. Оны генерал Карл Вольфтің (1900-1984) өзі көріп риза болғаны соншалық, кітап авторы Юлиан Семеновтан ең қымбат элиталық ортада ішілетін коньякты «мені ойнаған актерге тапсырыңыз» деп базарлық ретінде беріп жіберген болатын.

Қолжетімді дереккөзінен алынған суретте: О.Табаков В.Шелленберг, В.Лановой К.Вольф рөлінде.

Бақытжан  Абдул-Түменбай,

тарихшы,  журналист-дайджест.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: