Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кедейде шыдам болмайды…

10.10.2021, 17:00 378

HALYQLINE.KZ Шыңғыс хан аңда жүргенде бір кісі асқабақ алып келіпті. Қарымтасына бере қоятындай не ақша, не киім кешек болмайды да, қаған Мүке қатынға құлағыңдағы інжуді бер дейді. Мүке қатын қағанға: «Бұл сорлы інжудің қадірін біле ме, одан да ертең келсін, қазынадан қалауынша ақша мен киім берейік» дейді. Сонда қаған: «Кедейде шыдам болмайды. Ал мына інжу қайта айналып өзіңді табады» дейді. Сол жерде бұйрық орындалып, інжу беріледі. Кедейдің қуанышы қойнына сыймай, қайтып келе жатып інжуді болымсыз ақшаға сатып жібереді. Сатып алған адам іштей: «Мұндай сирек кездесетін інжу тек патша тұқымына ғана жарасса керек» деп күбірлейді. Осылай дейді де, ертеңіне інжуді қағанға қайтып алып келеді. Сонда қаған Мүке қатынға: «Мен айтқан жоқ па едім, інжу қайта айналып өзіңді табады деп. Көрдің бе, інжу де қайтып оралды, кедей де риза» деген екен.

Ақселеу Сейдімбек. 5 том.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: