Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кавказды бағындырудағы ОРЫСТАРДЫҢ ЖАУЫЗДЫҒЫ

02.06.2025, 11:20 91

HALYQLINE.KZ

1864 жылдың 21 мамырында Ресей патшасы әскери экспедицияға кавалерия генералы Григорий фон Зассты тағайындап, Кавказдың батыр әрі өр халқы Дағыстанды Ресей империясының құрамына қосуға аттандырды. Жаужүрек халықты бағындыру оңай болмайтынын біліп, алдымен егін еккен жерлерді өртеп, малдарын атып, қора-қопсысындағы жем-шөптерін өртеді.

Орыстың шапқыншылығын тойтару үшін шешуші шайқаста Кбаада елді мекенінде 100000 орыс әскеріне қарсы 20000 дағыстандық шайқасты. Бодандыққа түскісі келмеген, азаттықты артық санаған жаужүрек халықтың барлығы қырылды. Бейбіт халықты үрейлендіріу үшін 20 мың батырдың бастарын кесіп алып, ұзын таяққа тығып, жерге қадап қойды (суретте).

Азаттықты қалаған халық Осман империясына өтіп кетті. Қалған бейбіт ауылдарды ауыр зеңбірекпен атқылап, қашқан бала-шаға мен қарттарды орыс кавалериясы атпен қуып жүріп қылышпен шауып, найзамен түйреп өлтірді. Бір жылдан кейін жаулап алу операция барысында 1865 жылы Дағыстан халқының 17 пайызы ғана тірі қалып, орыстардың қол астына көшті.

Ресей патшасы Кавказды бағындыру бұйрығын орындағаны үшін генерал Григорий фон Зассты бас қолбасшы етіп тайғайындап, орнына генерал Ермолаевты жіберді. Орыстардың кавказ халқын бағындырудағы жауыздығы Кавказда әскери қызметте болған ұлы жазушы Л.Н.Толстойдың «Набег», «Казаки», «Хаджи-Мурат» әңгімелерінде жақсы жазылған.

Бақытжан  Абдул-Түменбай,

тарихшы

Авторы белгісіз сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: