Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Табиғатты қорғау – адамзаттың борышы

03.06.2026, 10:25 70

Табиғатты қорғау – қазіргі кезде өмір сүрушілер ғана емес сондай-ақ болашақ ұрпақтардың да денсаулығы мен хәл-жағдайы дұрыс және өз уақытындағы шешімдерге тәуелді болатын қазіргі кездегі мәселелердің бірі.

Қазіргі кезде Жер шарында адамның аяғы тимеген және іс-әрекетінің әсеріне ұшырамаған алқаптар жоқтың қасы. Дегенмен де табиғаттың бастапқы табиғи қалпы сақталған немесе антропогендік факторлардың ықпалы онша байқала қоймаған экожүйелердің біраз бөлігін табиғи эталон ретінде сақтап қалудың маңызы зор. Өйткені мұндай аумақтар антропогендік факторлар көбірек ықпал еткен аймақтармен салыстыру үшін қажет Халықаралық қабылданған ережелерге сәйкес әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10%-ы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін алуы қажет.

Қорықтар – биосфера эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жай алған жайылым мен шабындық аң-құс, айдын шалқар көлдер, ағыны қатты өзендер мүмкіндігіне қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс. Қай заман болмасын, қорықтарды ұйымдастыру күн тәртібінен ешқашан да түскен емес. Өйткені: биосфера байлықтарын қорғау, онда ғылыми-зерттеу жұмыстарын сондай-ақ, биосфера компоненттерін қорғау жөніндегі үгіт-насихат экологиялық білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде қорықтар өте маңызды роль атқаратыны белгілі

Табиғат қорғау ұйымдарының күзету жөніндегі іс-шаралары ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы ҚР заңнамасын бұзушылықтың жолын кесу мақсатында аумақты қарауылдауды, өрттердің алдын алуды, оларды байқауды және сөндіруді және суды ластанудан, былғанудан және сарқылудан күзетуді қамтиды.    

Сурет: osken-onir.kz

Е.Қасымов,

облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы

                                                

                                                   

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: