Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыйынар ем, Ана деген тәңірге…

05.03.2022, 13:30 207

Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Сыйынар ем, Ана деген тәңірге…» атты мерекелік іс-шара өтті.

Салтанатты кешке Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің, басқармасы мен бөлімдерінің әскери қызметшілерінің аналары мен жұбайлары, Қарулы күштердің ардагерлері, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қаламқас Каримова қатысты.

Жиынды ашқан жергілікті әскери басқару органының бастығы, полковник Айдын Сағынбеков әйел-аналарды көктем мерекесімен құттықтады. Ол өз сөзінде мерекелік шараның мақсаты әскери қызметшілердің мәртебесін көтеру, болашақ Отан қорғаушыларын тәрбиелеп отырған аналарға құрмет көрсету екенін атап өтті.

 – Ана – тіршіліктің тірегі, отбасының берекесі, адамзаттың тәрбиешісі, жақсылықтың бастауы. Сіздер қандай құрметке болса да лайықсыздар, –  деді полковник Айдын Сағынбеков.

Салтанат кеш соңы Қызылорда облысы филармониясының өнерпаздары мен әскери қызметшілердің бірлесе дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: