Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шетелдегі дауыс беру таңға дейін жалғасады

23.08.2026, 21:01 32

Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру аяқталғанымен, шетелдегі бірқатар сайлау учаскесі жұмысын жалғастырып жатыр. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Вашингтон, Нью-Йорк, Сан-Франциско, Оттава және Бразилиа қалаларындағы учаскелер әлі ашық. Астана уақытымен сағат 00:00-ге дейін шетелдегі 74 сайлау учаскесі жұмысын аяқтайды. 

— Шетелдегі дауыс беру 24 тамыз күні Астана уақытымен сағат 08:00-де АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы Қазақстанның Бас консулдығы жанындағы сайлау учаскесінің жабылуымен аяқталады, — делінген СІМ хабарламасында. 

Ал Қазақстан аумағындағы сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де жабылып, комиссиялар дауыстарды санауға кірісті. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: