Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаратушы барлық адамға осылай деген!

02.04.2022, 15:00 682

HALYQLINE.KZ

Өміріңе қиыншылық пен ауыртпалық қашан және неліктен келетінін білесіз бе? Сен өзің ол ауыртпалықты көтере алмай жолдан тайып, дұрыс емес жолмен өмір сүрген кезде, қиындық пен ауыртпалық үсті-үстіне қосыла береді. Себебі Сен қателесіп, оны жасырып, басқаларды алдап өмір сүре алсаң да, бірақ Мені және Өзіңізді ешқашан алдай алмайтыныңа байланысты.

Мен бәрін көріп тұрмын, (Мені кім деп атасаң да өзің білесің) мен шындықты білемін.

Сен дұрыс жолдан ауытқи бастаған кезде, мен саған оны қойдыру үшін кішкентай ғана белгі жіберемін. Көптеген адамдар мұны түсінбейді, қате жолмен жүре береді, егер тоқтамасаң, қайтадан бір үлкендеу мәселені белгі ретінде ұсынамын. Сонда да айтқаныма көнбесең одан да үлкендеу мәселе шығарып беремін. Егер тіпті түсінбесең Мен саған күш-қуат (энергия) беруді доғарамын.

Содан кейін, ең ұқыпсыз және бағынбайтын адамдардың денсаулығын алып, оларға Ауру, Жалғыздық, Кедейлік беремін.

Осы белгілердің әрқайсысына қарап, қателіктеріңді түзетсең болады! Сен кішкентай ғана деп санайтын нәрсе үлкен проблема тудыруы мүмкін. Кішкентай деп ойлайтын кемшілігің, үлкен мәселе шығып келуіне себеп болады. Тек жүрсең, тоқ жүресің деп естіп пе едің? Бұл, шынымен де, ақиқат сөз.

Сен дұрыс өмір сүріп жатқан болсаң, мақсатың қиындықсыз орындалады. Себебі, сен дұрыс жолмен жүрген сайын Мен саған күш-қуатты молынан беріп, өзіңді дамыту үшін, ешқандай мұң-қайғыға, құлазуға жеткізбей, тек шабыт, тек ынта, тек шығармашылық, тек энергияға толы керемет тапсырмаларды үнемі беріп отырамын.

Өйткені Сен осы әлемде дұрыс өмір сүру үшін жаралғансың!

Сені Мен тек ғана ояту үшін, тіпті ең қиын, үмітсіз  жағдайларда да оятуға дайын, аса үлкен сүйіспеншілікпен жақсы көретінімді түсінесің бе?

Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: