Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Жаңбырды сүйесің, бірақ қолшатырыңмен қорғанасың»

01.11.2020, 9:00 596

HALYQLINE.KZ Сен жаңбырды сүйем дейсің, бірақ жаңбыр жауғанда қолшатырыңмен қорғанасың. Сен желді сүйем дейсің, бірақ жел соққанда терезеңді жауып аласың. Сен күнді сүйем дейсің, бірақ күн түссе көлеңкеге тығыласың. Сол себепті мен «сенің сүйем» деген сөзіңнен қорқамын…

Боб Марли

Менен алыстаған сайын менің бір бөлшегіме айналып бара жатқандайсың. Кейде, тіпті сенің қайдан бітіп, өзімнің қайдан басталатынымды білмеймін.

Михаил Шишкин

Адам асылы өмір бойы көңіл деген көтерем тұғырды бас-көзге төпеп бақыт қуған сайын, одан солғұрлым алшақтай түсетін сияқты; бақыт қуған адамның тапқан бақытынан жоғалтқан бақыты көп болса керек.

Әбіш Кекілбаев

Бақытпен тыныс алып үйреніңіз. Ол – ауада. Ол – болмашы нəрселерде.

Лев Толстой

Бəрі өзгереді: басқа адамдар жақыныңа, жақының жатыңа, сүйіктілер таныстарға айналады.

Федор Достоевский

Біз кетеміз, сұлулық қалады. Немесе біз болашаққа бағытталсақ, сұлулық мəңгілік дəл қазіргі сəт сияқты.

Иосиф Бродский

“Сен кімсің, Сұлулық?” деймін мен. Ол үнсіз жымияды. Жымияды да, жанарын төмен салып, аңырап келе жатқан составқа қарай кете барады. Мен оянып кетем…

Әділ Ботпанов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: