Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тағылымды ғұмыр, өнегелі із

18.09.2026, 8:35 62

HALYQLINE.KZ

Кеше Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада белгілі сатирик, ақын, журналист Қазыбек Әшірбекұлының туғанына 80 жыл толуына орай «Тағылымды ғұмыр, өнегелі із» тақырыбында еске алу кеші ұйымдастырылды. Бұл туралы аталған кітапхананың баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Тағылымды кешке Ақпарат саласының үздігі, «Әлімсақ», «Ұстаз мәртебесі» басылымдарының бас редакторы Нұрлан Көбегенұлы, Қызылорда облысы Ішкі істер органдары және Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Әмірбек Шаймағамбетов, Қазақстан Жазушылар одағының Қызылорда облысындағы өкілі Қаршыға Есімсейітова, «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы Гүлмира Ділдәбекова, Қазыбек Әшірбекұлының қарындасы, ұлағатты ұстаз Ақсәуле Бектайқызы, белгілі қаламгер, ардагер журналист Кенжәлі Ерімбетов қатысып, сөз сөйледі.

Кеште асыл азаматтың өмір жолы мен шығармашылығынан естеліктер айтты. Құқық қорғау саласындағы мінсіз қызметі мен қазақ сатирасына қосқан айтулы үлесін жоғары бағалады. Бүгінде арамызда жоқ болса да, артына өшпес із бен құнды мұра қалдырған қаламгердің адами болмысы мен парасаттылығы кейінгі ұрпаққа үлгі екендігі ерекше атап өтілді.

Кеш барысында №39 орта мектебінің оқушылары сатириктің шығармаларынан үзінділер оқыды. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Педагогика және дәстүрлі өнер институтының» студенттері жиналған көпшілікке арнап әсерлі термелер орындады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: