Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Стақан емес, бұлақ болуға тырыс

17.10.2020, 15:00 724

HALYQLINE.KZ

Бір ғұлама шәкіртінің әр нәрседен үнемі шағымданып жүретінін көріп қалады. Содан бір күні ол шәкіртті шақыртып алып, тұзға жібереді. Үнемі зарланып жүретін шәкірт тұз алып келген кезде қария оған «бір уыс тұзды бір стақан суға ерітіп іш» дейді. Шәкірт бұлжытпай айтқанын орындаса да, тұзды суды көп іше алмай түкіре бастайды. «Дәмі қалай екен?» деп сұрайды қария. Шәкірті «Ащы» деп жауап береді ызаланып.

Ғұлама шәкіртті қолынан ұстап, жақын жердегі бұлаққа алып барады. Бір уыс тұзды суға қосып, сол судан да ішіп көруін сұрайды. Бұлақтың мөлдір суын ішкен шәкірттен қайтадан судың дәмін сұрайды. «Tәтті» дейді шәкірт. «Тұздың дәмін сездің бе?» деген сұрағына «жоқ» деп жауап береді. Осы кезде ғұлама: «Өмірдегі қиындықтар осы тұз тәрізді, аз да емес, көп те емес – үнемі бірдей мөлшерде. Байқағаныңдай тұздың ненің ішіне қойылғандығы ғана маңызды. Сол сияқты, өмірдегі проблемалардың да ащы болуы, болмауы тек сенің сезімдеріне байланысты. «Стақан емес, бұлақ болуға тырыс», – деген екен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: