Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сарқылмас қазынаның қамқоршысы

16.05.2025, 17:00 85

HALYQLINE.KZ

Кеше Қызылорда облыстық кітапханада Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ардагер кітапханашы Күлбаршын Сисекееваның 75 жасқа толуына орай «Сарқылмас қазынаның қамқоршысы» атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Бұл туралы аталған кітапхананың баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Іс-шараның мақсаты – Сыр мәдениетінің дамуына, оның ішінде кітапхана саласының өркендеуіне үлес қосқан Күлбаршын Раушанбекқызының өмірі мен еңбек жолын, кәсіби білімі мен мол тәжірибесін насихаттау.

Іс-шараны Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ж.Сейілов ашып, мерейтой иесіне Қызылорда облысы әкімінің Құттықтау хатын табыстады.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А.Әлназарованың арнайы жолдаған құттықтау хатын облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары М.Мирзанова табыстады.

Мұнан кейін Қызылорда облысының ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары М.Баекеев, еңбек ардагері, Қызылорда облысының Құрметті азаматы Б.Жәукебаева, Қызылорда облыстық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы филилалының төрайымы Р.Үмбетова және №101 орта мектеп директоры Е.Боданов, әріптестері мен замандастары құттықтау сөз сөйлеп, ардагер кітапханашыға сый-сияпат жасады.

Кеш барысында Күлбаршын Раушанбекқызының жүріп өткен өмір жолынан көрме ұйымдастырылып, ән-жырдан шашу шашылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: