Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Реніш

22.04.2023, 10:00 501

HALYQLINE.KZ

Адамдар өмірінің көп бөлігін біреудің істеген ісіне ренжумен өткізеді…

Шын мәнінде…

Ешкім де сені ренжіткен жоқ…

Саған зиянын тигізген адамдардан күткен үміттерің ғана сені ренжітуде…

Сен өз үміттеріңді санаңда сақтап өсіресің…

Олар шынайы емес…

Тек қиял ғана…

Ата-анаң мені артық жақсы көреді деп күткен кезіңде олай етпесе, ренжіме…

Ата-анам қалайда солай етуге тиіс деген сенің үмітің ғана…

Бұл ойың өзіңе зиян жасауда екенін білдіреді…

* Ешкімде сені ренжітпегенін түсін…

Реніш дегеніміз адамдар қалай әрекет етуі керектігі туралы сенің ойларың ғана…

Бұл ойлар – сенің бала кезіңнен бейсаналық түрде үйренген нәрселеріңнің жемісі…

Сенің ойыңмен сәйкес келетін адамдар аз екенін мойында…

Өйткені олардың да өз ойлары бар…

* Адамдарды сол қалпында қалдыр…

Қалағаны бойынша сенің өміріңді бағыттай берсін…

Жауапкершілік сенде ғана…

Сұраса кеңес бер, олар өздері шешім қабылдасын…

Пікірін сұра, мәжбүрлеме…

* Ешкімде саған тиесілі емес…

Ата-анаң, достарың, әріптестерің, балаларың…

Біз бәріміз табиғи машина-механизмнің бір бөлігіміз…

Қалағаныңша қарсылықсыз жаса…

Өмір сүр, өмір сүргіз…

* Асыра ойлама…

Өзіңді жаңа мүмкіндіктерге аш…

Көзіңді ашып, өмір ағымын бақыла…

Қара көзілдірікті алсаң, бәрі жарқын көрінеді…

* Мінсіз деген еш нәрсе болмайды…

Мінсіз ана, дос, жұбай деген жоқ…

Балық үшін мінсіз мұхит – ешбір жыртқыштары жоқ мұхит…

Өкінішке қарай, ондай мұхит деген болмайды…

Сондықтан балықтардың шындыққа бейімделудің басқа жолы жоқ.

Балықтар мұхитты қалай қабылдайтыны секілді, адамдарды да солай қабылда, жақсы көр…

* Бақытты өмір сүр…

Шынайы өмір сенің айналаңдағы әлем туралы ойларыңнан әлдеқайда әдемі және қызықты екені есіңде болсын…

Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: